Бөлімдер санаты
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25
26
2728293031
Барлық жаңалықтар

Аңдатпа

23 мамыр 2016
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

 

24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді.  

25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің басымдықтарын пайдалану және еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын талқылау үшін Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездеседі.

26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумына қатысуы және «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттарымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізуі жоспарланған.

27 мамырда Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланған. Оның аясында Кеңес мүшелерімен – трансұлттық ірі компаниялардың басшыларымен жекелеген кездесулер өтеді. 


Барлық аңдатпа
 
Басқа аңдатпа
Барлық аңдатпа