Жаңалықтар

2 қыркүйек 2013
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталатын Арменияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Василий Казарянды қабылдады

 

Елшінің бес жылдық дипломатиялық қызметі аясында парламентаралық байланыстар дамып, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысы жанданды.

Мемлекеттік хатшы Армения дипломатиялық миссиясы басшысына екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс білдіріп, Арменияның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудегі Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Армения қарым-қатынастарын дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар