National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Испанияның Католиктік Изабелла Орденімен марапатталды

2017 жылғы 17 шілде

Мемлекет басшысына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті.

«Аса мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза, жоғары корольдік құрмет ретінде, Сізді Католиктік Изабелла Орденімен марапаттаймын», – делінген Корольдің жарлығында.

Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге және Ана Пасторға жоғары марапаты үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Испания арасында сенімді әрі достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

– Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания Корольдігімен байланыс орнатып, өзара сенімді екіжақты қарым-қатынастарға қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде Испания Қазақстанға өз қолдауын көрсетіп келеді. Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға ресми сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Біз үшін бұл зор мәртебе, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саясатта және экономиканың түрлі секторларында Испаниямен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Рәсім соңында Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге шынайы ризашылығы мен жылы лебізін жеткізуді сұрады және Испания халқының игілігі үшін атқарып жатқан қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің