National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

2016 жылғы 26 қаңтар

 

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының алғашқы күні «Зайырлы қоғам және биік руханият – бірлік пен келісім кепілі» деген тақырыппен өткен өңіраралық семинарға қатысты. Семинар жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4-ші – «Біртектілік пен бірлік» институционалдық бағытын жүзеге асыру, конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі кешенді мәселелерді талқылады.

Кіріспе сөзінде Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Қазақстанның даму векторын демократиялық, зайырлы және экономикалық дамыған мемлекет ретінде нақты айқындап бергенін  атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының маңызды құндылығы – зайырлы қоғам және биік руханият еліміздің барлық азаматтарын бірігуге шақыратынын айтты. Нақ осы құндылықтарды қалыптастыруға және нығайтуға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күшін бағыттау керек.

Сапар барысында Мемлекеттік хатшы мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынған, барлық талаптарға сай келетін заманауи озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Айлин» балабақшасына барды.

Сондай-ақ Г.Әбдіқалықова физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының шығармашылығымен, ғылыми-жобалық жұмыстары көрмесімен және жүргізіліп жатқан әлеуметтік тәжірибелермен танысты.

Жұмыс сапары аясында Мемлекеттік хатшы облыстың әйелдер қауымымен – мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, бизнес-қауымдастық, шығармашыл зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Ұлт жоспарын жүзеге асыруға әйелдердің белсене қатысуы, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.

Г.Әбдіқалықова Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы әрбір қазақстандыққа, соның ішінде ел тұрғындарының басым бөлігін құрайтын әйелдер қауымына жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын атап өтті. Мәселен, Ақтөбе облысында «Даму» қоры мен Азиялық даму банкі бірлесіп, 14 кәсіпкер әйелге 595 миллион теңге бөлсе, ЕҚДБ арқылы жалпы құны 895 миллион теңге болатын 17 жоба, соның ішінде 4 кәсіпкер әйелдің жобалары қаржыландырылған.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің