Жаңалықтар

15 желтоқсан 2014
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды

 

Рәсімді ашқан Мемлекеттік хатшы, ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары наградаларды табыс етудің терең символдық мәнін атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп танылған, қоғамды дамытуда және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда халықтың құрметіне бөленген барша қазақстандықтарды марапаттайды.

Республикамыз қол жеткізген табыстар Елбасының стратегиялық көрегендігі мен саяси күш-жігерінің, сондай-ақ ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің  айқын көрінісі болып табылады.

Марапатталғандардың ішінде мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлері, экономика және бизнес өкілдері бар.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршасына бейбітшілік пен құт-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар