Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 маусым 2014
ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ақорда, Астана

 

 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы контексінде мемлекеттік органдардың және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ғылыми-сарапшылық жұмысының жаңа міндеттері» тақырыбында өткен отырысқа Президент Әкімшілігінің Басшылығы, Парламент депутаттары, министрліктер мен ведомстволар өкілдері, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтардың басшылары, ғылым және шығармашылық интеллигенция, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы Ә.Жақсыбеков «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы және Президент Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА-ның ХХI сессиясында берген тапсырмалары аясындағы мемлекеттік этносаясатты ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдау жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындады.

Отырыс барысында ҚХА қызметін ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдау, ел бірлігі мен қоғамдық келісім саласында және Қазақстандағы этносаралық ахуалдың қазіргі жағдайына ғылыми зерттеулер жүргізу, этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми саясатты әзірлеу үшін университетаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмысы туралы есебі және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмысы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар