National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады

2013 жылғы 02 мамыр

 

Кездесуге Президент Әкімшілігінің Басшысы К.Мәсімов пен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов қатысты.

Кездесу барысында Премьер-Министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен экономиканың өсу қарқынын ұстап тұру жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

- Өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімнің номинальды көлемі жоспарланғаннан 1,4 трлн. теңгеге төмен болды. Сөйтіп, экономикалық өсім күтілген 6 пайыздың орнына 5 пайызды құрады. Соның өзінде, біз бұл жаман көрсеткіш емес деп санаймыз. Сонымен қатар, металлургия мен тау-кен металлургия салаларының негізгі экспорттық өнімдеріне сұраныстың азаюы мен әлемдік бағаның төмендеуі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының төмендеуінен және республикалық бюджеттің түсімдерінен де байқалды. Осындай нәтижелерді есепке ала отырып, біз бюджетке түзетулер енгізуді жоспарлаудамыз. Өйткені күткеніміздей, биыл ол 495 миллиардтай теңгені жеткізе алмай отыр. Сонымен бірге, түсімдерді ұлғайту жөнінде жұмыс жүргізілуде және жағдайды түзету үшін қажетті шаралар қабылданатын болады, - деді С.Ахметов.

Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің кіріс бөлігінің көрсеткіштерін оның теңдестірілуі мен тиімділігі мақсатында анықтау қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің