Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қараша 2014
Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады

Кездесу барысында Т.Есполов Мемлекет басшысына университеттің қазіргі қызметі туралы баяндап, аграрлық білім мен ғылымның жағдайына қатысты өз ойларын айтты.

 

Кездесу барысында Т.Есполов Мемлекет басшысына университеттің қазіргі қызметі туралы баяндап, аграрлық білім мен ғылымның жағдайына қатысты өз ойларын айтты.

Қазақстан Президенті аграрлық университеттердің деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталды.

– Бұл ЖОО-лардың қызметіне зерттеушілік бағыт енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығында ғылыми жетістіктерді пайдалану аграрлық ғылымды дамытудың маңызды бөлігі болып саналады. Қазақстанда үш аграрлық университет жұмыс істейді. Олардың ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізу форматын мүдделі органдарды қатыстыра отырып, келісілген тәртіппен анықтаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ректор өз кезегінде елдегі жоғары оқу орындары арасынан бірінші болып басталған, жоғары оқу орнын аграрлық зерттеу университетіне трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Т.Есполов бұл жоба стратегиялық жоспарлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес және әлемнің беделді аграрлық университеттерінің сарапшыларымен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешеніндегі білім мен ғылымның интеграциялануына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар