National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді

2015 жылғы 25 ақпан

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске Президент сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты сауал жолданғанына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары төрағаларымен, сондай-ақ Премьер-Министрмен консультациялар өткізгенін айтты.

Қазақстан Президенті сайлау өткізу Конституция талаптарына дәлме-дәл сай болуы тиістігін атап өтті.

И.Рогов Негізгі заңның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеу тек Қазақстан Президентінің құзыретіне жататынына тоқталды. Аталған конституциялық құзырет ешқандай шартқа және шектеуге байлаулы емес, Мемлекет басшысы оны дербес жүзеге асырады. Осыған байланысты Конституциялық Кеңес төрағасы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қандайда бір конституциялық құқықтық кедергінің жоқ екенін айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің