Жаңалықтар

17 маусым 2014
Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
Ақорда, Астана

Б. Байбек кездесу барысында Мемлекет басшысы – партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың және 2050 Стратегиясын түсіндіру мен жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

 

Б. Байбек кездесу барысында Мемлекет басшысы – партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың және 2050 Стратегиясын түсіндіру мен жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы еліміздегі негізгі қоғамдық күш екеніне, оның жұмысының бір бағыты мемлекеттік саясатты түсіндіру болып саналатынына тоқталды.

– Өңірлерде жұмыс істейтін партиялықтар жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа жеткізуі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылауы тиіс. Партия беделі өте жоғары деңгейде сақталып, абыройы мұнтаздай болуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

– Шетелдік инвесторлар кеңесінің өткен отырысы кәсіпкерліктің мүдделілігі жоғары екенін көрсетті. Мен елдегі бизнестік ахуалды жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді жарияладым. Барлық жерде шағын және орта бизнесті қолдап, тұрғындардың бизнес-жобалар әзірлеуіне, несиелеу көздерін тауып, салықтық және басқа да преференциялар туралы білуіне көмектесу керек. Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту көптеген жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, партияның осы мәселені өз қолына алғаны жөн, – деді Мемлекет басшысы.

 «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары өз кезегінде тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғаны туралы мәлімдеді.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауына 800 мың адам келді. 39 мың арыз мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Партиялық бақылау мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды күшейту жұмыстары жүргізілді.  Сонымен бірге, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Соңғы алты айда осы санаттағы 4000 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Б.Байбек.

Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Үкімет қызметінің нәтижелерін түсіндіру, «Қазақстан-2050» стратегиясын, сондай-ақ еуразиялық экономикалық интеграцияны жүзеге асыру аясындағы жұмыс жөнінде хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы, партия көшбасшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру, халықпен тікелей өзара іс-қимыл аясын кеңейту, партияның өзін-өзі жан-жақты қамтамасыз етуі және оның алдына қойылған өзге де міндеттерді орындауы жөніндегі жұмысты одан әрі күшейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар