National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады

2014 жылғы 24 қараша

 

Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі жолдары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

– Сауда жөнінен белгілі бір қиындықтар бар, өйткені елдеріміздің  импорттық және экспорттық тауарлары құнының төмендеуі байқалуда. Соған қарамастан, нақты көлем бәрібір ұлғайып, интеграциялық үдерістер нығайып келеді, бірлескен кәсіпорындар ашылып жатыр. Осының барлығы біздің елдеріміздің ықпалдастығының біртіндеп дамып келе жатқандығын білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.

С.Нарышкин Астанаға «Президент. Парламент. Интеграция» атты конференцияға қатысу үшін келгенін айтты.

– Бұл – елдеріміздің қазіргі негізгі бағдары, біздің болашағымыз. Мұның Сіздің идеяңыз екенін, 1994 жылы ММУ-де оқыған дәрісіңіз кезінде ТМД елдерінің нақ осындай геосаяси жолын Сіздің белгілеп бергеніңізді біз ұмытпаймыз және бағалаймыз, – деді РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы.

Сондай-ақ тараптар екі елдің заң шығарушылары арасындағы диалогты одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің