Жаңалықтар

7 қазан 2014
Елбасы Украинаның экс-Президенті Леонид Кучманы қабылдады

Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды.

 

Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды.

Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін  қарастырып жатқанын айтты.

Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар