National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы VIII Астана экономикалық форумына қатысуға келген Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдады

2015 жылғы 21 мамыр

 

Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығын нығайту перспективалары, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастарды ЕО-ға Люксембургтің алдағы төрағалығы аясында тереңдету мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы біздің еліміз былтыр Қазақстан мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісім жобасы жөніндегі келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қойғанын еске салды.

– Сіздердің төрағалық еткен кезеңде осы үдерістер аяқталады деп үміттенемін. Елдеріміздің достық қатынастарын ескере отырып, Еуропалық одақпен өзара ықпалдастық кезінде виза режимін жеңілдетуді, авиация саласындағы шектеулерді алып тастауды қамтитын бірқатар мәселелерді шешу ісінде Сіздің қолдауыңызға сүйенеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің