National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті

2017 жылғы 10 маусым

Мемлекет басшысы Чех Республикасының Президентіне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Сіздің 2014 жылы Қазақстанға келген сапарыңыз есімде. Содан бері елдеріміз арасында көп жұмыс атқарылды, саяси және экономикалық салада екіжақты қатынастардың дамуы оң қарқын алып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Қазақстан Президенті М.Земанның мемлекет қайраткері ретінде күн тәртібіндегі түрлі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша өзінің жеке пікірі бар екенін, ол әрдайым осы арқылы ерекшеленетінін атап өтті.  

Чех Республикасының Президенті өзімен бірге кәсіпкерлер тобының келгенін, олардың экономикалық байланыстарды дамытуға, Қазақстан экономикасының түрлі салаларына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.

– Мен Чехия Үкіметі алдында сөйлеген сөзімде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу қажеттілігін айтқан болатынмын, өйткені оны өте маңызды іс-шара деп санаймын. Оның үстіне біз Қазақстанды өңірдегі көшбасшы ретінде қарастырамыз,– деді М.Земан.  

Сондай-ақ, Чех Республикасының Президенті Астананың әсем қала екенін айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған Қазақстан астанасының келбетінде көрініс тапқан архитектуралық идеяларды жоғары бағалады.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің