Жаңалықтар

20 наурыз 2015
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті

Мемлекеттер басшылары өзара сауданы және үш елдің экономикалық өзара ықпалдастығын арттыру мәселелерін қарастырды.

 

Мемлекеттер басшылары өзара сауданы және үш елдің экономикалық өзара ықпалдастығын арттыру мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын, сондай-ақ Украинадағы жағдайды талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс көріністері тұрғысынан әлемдегі қазіргі ахуалды талқылау үшін бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті.  

– 2007-2009 жылдардағы дағдарыс жаһандық сипатта болған еді, ал қазіргісі өңірлік бағыт алып отыр және энергия ресурстары мен біз өндіріп жатқан тауарлар бағасының төмендеуінен туындады. Біз мұндай қатердің боларын болжадық, ендігі міндетіміз – бірлескен шаралар әзірлеп, осы кезеңнен сәтімен өтіп шығу, – деді Қазақстан Президенті.  

Мемлекет басшысы сондай-ақ өзге елдерге де әсерін тигізіп отырған Украина дағдарысына қатысты пікір алмасу қажеттігіне тоқталды.

Қазақстан Президенті бағыт-бағдарды өзара үйлестіріп, перспективалы мәселелерді талқылап отыру үшін жиі және тұрақты кездесулер өткізудің маңыздылығына назар аударды.  

 Беларусь және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанаға шақырып, көзделген мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдірді.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар