Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 маусым 2014
Мемлекет басшысы еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады
Ақорда, Астана

 

Қазақстан Президенті министрліктің басымдығы бар міндеттері қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы Күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, әскердің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін жүзеге асыру екендігін атап өтті.

С.Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы күштерді жоғары жауынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады.

Қорғаныс министрі армияны әрі қарай кәсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары туралы да айтты.

Сонымен қатар С.Ахметов Президентті таяуда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары жөнінен хабардар етті.   

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар