Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 ақпан 2020
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Қазақстан Президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Жеңіс Қасымбек туристік кластер қалыптастырудың перспективалары және Ұлытау ауданында қажетті жол инфрақұрылымы, сондай-ақ, Балқаш көлі аймағы мен Қарқаралы ауданында туризм саласын жаңғырту туралы баяндады.

Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.  

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар