National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады

2015 жылғы 14 сәуір

 

Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Елбасы «Тоталь» компаниясы елімізде 1993 жылдан бастап жұмыс істейтініне, ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына тоқталды.

– Алдымызда зор міндеттер тұр, соның бастыларының бірі Қашаған кенішін және компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру болып отыр. Қазақстанда «Тоталь» компаниясының қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дәстүрін жалғастыратын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Тоталь» компаниясының президенті шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аухалдың сақталуының маңыздылығын айта келіп, ынтымақтастық бұдан әрі дами береді деп үміттенетінін білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің