National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жезқазған қаласына жұмыс сапары аяқталды

2008 жылғы 24 қаңтар

Түстен кейін Президент 2006 жылы пайдалануға берілген № 10 орта мектепті аралап көрді. Бұл мектеп жаратылыстану-математика бағытын ұстанады. Мектепте 507 оқушыға арналған сабақтар бір ауысымда жүргізіледі.

Мемлекет басшысы қала мектептері үшін ақпараттық технологияларды пайдалану жөніндегі база болып табылатын мектептің оқу кабинеттерін аралап көрді. Мұнда екі компьютерлік сынып жабдықталған, компьютерлер Интернет желісіне қосылған, екі интерактивті тақта орнатылған.

 

Сол күні Президент «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің «Казкат» зауытының жұмысымен танысты.

 

«Казкат» зауытының өнімі ішкі және әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Бұл жаңа технологияларды енгізудің, әлемдік қатаң бәсекелестік жағдайында өнім сапасын арттырудың заңды нәтижесі болып табылады.

 

- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі халықтың әл-ауқатын көтерудің міндеті шарты болып табылатынын мен әрдайым айтып келемін. «Қазақмыс» корпорациясы спорт кешендерін, заманауи медициналық мекемелер, шипажайлар, демалыс үйлерін салып, осы жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп отыр, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің