National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Астана қаласының тұрғыны Аятбек Тоқымбековтің хаты

2015 жылғы 16 қаңтар

 

Қазақ хандығының 550 жылдығын республика деңгейінде атап өту туралы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған шешім халық арасында зор серпіліс тудырып, үлкен ықылас пен қолдауға ие болуда. Мысалы, Астана қаласының тұрғыны Аятбек Тоқымбеков Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту айбынды хандарымыз мен батыр-билеріміздің алдындағы қасиетті парызымызды өтеу болып саналатынын жаза келіп, сол үшін Президентке рахмет айтады.

Автор өз хатында Қазыбек бидің «Ханның қайраны шексіз, ердің қайраты шексіз» деген даналық сөзіне сүйене отырып, Қазақстан Президентінің де қайраны шексіз екендігіне көзі жеткенін айтады. Соның айғағы ретінде оның үш бірдей ілкімді ісіне назар аударады.

«Елбасымыздың нұрлы жолы нарық заманында қазақ халқының ақ жолы, адастырмайтын тура жолы, бағдаршамы болды. Тәуелсіздігімізді сақтауға жетелеген сара жолда нешеме асулардан өттік, қиындыққа тірелгенде ақыл тауып, елімізді әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің деңгейіне көтердіңіз», – дейді хат иесі.

А.Тоқымбеков сондай-ақ Елбасы мемлекет басқару шеберлігін көрсетіп қана қоймай, халықаралық дәрежедегі ұлттық кадрлар шоғырын тәрбиелеп, қалыптастырғанын да атап өткен.

Сонымен қатар ол Қазақстанның бұл күнде Алатау баурайында бір астанасы, Сарыарқада бас Астанасы бар екендігіне тоқталады.

«Осының барлығы Елбасымыздың қайраны мен ерлігінің, батырлығының шексіздігі емес пе?!» – делінген хатта.

Соңында автор Қазақстан Президентіне зор денсаулық және табыс тілеген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің