Жаңалықтар

2 наурыз 2016
Бундестаг депутаты Хартмут Кошиктің Елбасыға Алғыс айту күніне байланысты жолдаған хаты

 

Германия Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар мен аз ұлттар мәселесі жөніндегі уәкілі Х.Кошик Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы неміс диаспорасы өкілдерінің игілігі үшін жемісті ынтымақтастықты қолдап,  тікелей назар аударып келе жатқаны үшін алғыс айтады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында «Алғыс айту» күнінің негіздемесін жариялап, режим кезеңінде Қазақстанға күштеп жер аударылған 800 мың немістің қасіретті тағдыры туралы айтқаныңыз үшін Сізге айрықша ризашылығымды білдіремін. Қазіргі уақытта Германияда тұрып жатқан, Сіздің елден келген көптеген немістер сол қиын уақыттардағы қазақ халқының жылы қарым-қатынасы мен достық пейілін зор ілтипатпен еске алады», – делінген хатта.

Сондай-ақ Х.Кошик Нұрсұлтан Назарбаевты Германия Федералдық үкіметі біздің ел үкіметімен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынына, республикамыздың саяси, қоғамдық және экономикалық дамуына ел игілігі үшін өздерінің қомақты үлесін қосып келе жатқан Қазақстандағы неміс диаспорасы өкілдеріне болашақта да қолдау көрсете беретініне сендірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар