Жаңалықтар

25 наурыз 2015
Елбасы Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың мәйіттерін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар