National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Шарли Эбдо» басылымы редакциясына жасалған террорлық әрекетке байланысты Француз Республикасы Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 08 қаңтар

 

Жеделхатта террорлық әрекет салдарынан француз азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы үлкен күйзеліспен қабылдағаны жөнінде айтылған.

«Бүгінгі күні терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына шын ниетпен көңіл айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің