Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 тамыз 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Тәуелсіз мемлекеттер ардагерлерінің (зейнеткерлерінің) қоғамдық ұйымдары қоғамдастығы» халықаралық одағы үйлестіру кеңесінің төрағасы, флот адмиралы А.Сорокиннен хат келді

 

Өз хатында А.Сорокин Қазақстанда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының батырларын мәңгі есте қалдыруға ерекше мән беріліп отырғанына ризашылық білдіреді. Атап айтқанда, елде жыл сайын жаңа мемориалдық кешендер тұрғызылып, бауырластар қабірі және өзге де қастерлі орындарға жоғары деңгейде күтім жасалады.

Осы орайда, А.Сорокин Нұрсұлтан Назарбаевқа тарихи жадының сақталуы және ардагерлерге көрсетілген қамқорлық, Достастық халықтары арасындағы халықаралық ықпалдастықты, бауырластық қарым-қатынастарды нығайту бағытындағы дәйекті қадамдар үшін алғыс айтқан.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар