National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануына байланысты Жан-Клод Юнкерге құттықтау жеделхатын жолдады

2014 жылғы 16 шілде

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өз атынан Ж.-К.Юнкерді Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаған.

Қазақстан Президенті Люксембург Премьер-министрі қызметіндегі және Еуропалық топтағы басшылығы кезінде жинаған Ж.-К.Юнкердің мол тәжірибесі, Еуропа мәселелеріне аса жетіктігі оған Еуропалық одақтың орнықты дамуына зор үлесін қосуына септігін тигізеді деп сенетінін айтады.

«Сіздің 2008 жылы Астанаға және менің 2010 жылы Брюссельге жасаған сапарларымыз барысында арамызда орныққан өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға әзір екенімді білдіремін. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім аясында жаңа сапалы деңгейге көтеріледі деп үміт артамын», – делінген жеделхатта.

Ж.-К.Юнкерге Мемлекет басшысы зор денсаулық және табыс, ал Еуропалық Одаққа бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің