Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХ Олимпиялық ойындардағы жеңісіне орай Светлана Подобедоваға құттықтау жеделхатын жолдады

 

- Лондондағы ХХХ Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы жеңісіңмен құттықтаймын!

Шиеленіскен бәсекеге қарамастан, сен біздің елімізді әлемдік ойындарда лайықты таныта алдың. Сен жеңіп алған алтын медаль – жоғары шеберліктің, мықты ерік-жігердің және рухтың бекемдігінің көрсеткіші.

Сенің көптеген спорттық жетістіктеріңнің қатарында енді олимпиада чемпионы атағы бары да өте қуанышты.

Саған табыстар және жаңа жеңістер тілеймін, - делінген құттықтау жеделхатында.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар