Жаңалықтар

29 сәуір 2015
Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтан құттықтау жеделхаты келіп түсті

 

Алмазбек Атамбаев Елбасын айқын жеңісімен құттықтады және бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы еңбегін Қазақстан халқы даусыз мойындайтынын тағы да дәлелдеп, оның елді орнықты дамытуға және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саяси-экономикалық реформаларына деген жоғары сенімді көрсететінін айтқан.

«Біз бауырластық қарым-қатынастарымызды, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті бірлескен күш-жігер арқылы бұдан әрі де жан-жақты дамыта беретінімізге сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Соңында А.Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және жауапты лауазымында алға қойған барлық мақсаттарын жүзеге асыруда табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар