Жаңалықтар

17 маусым 2014
Мемлекет басшысының атына Солтүстік Қазақстан облысындағы Жарқайың ауылының тұрғыны Т.Қазиевтен хат келді

 

Хат иесі өзінің өмірін медицина қызметкерлері сақтап қалғандығын айта отырып, денсаулық сақтау саласының тиімді дамып келе жатқаны үшін алғысын білдірген.

«Аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарды жаппай тексеру бағдарламасына орай, Есіл ауданының Ильинка кентінің медицина қызметкерлері бізде дәрігерлік тексеріс жүргізіп, оның барысында менде білінбей жүрген жүрек ауруы бар екенін анықтады. Мені Петропавл қаласына жеткізіп, онда Кардиологиялық орталықтың тәжірибелі дәрігері Д.Тё сәтті ота жасады», – делінген хатта.

Соңында хат авторы өзінің сауығып кеткенін, көңіл-күйі жақсы екенін айтқан.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар