Мемлекет басшысы Египетте Абдель Фаттах Ас-Сисидің басшылығымен саяси тұрақтылық орнап, орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың қамтамасыз етілетініне сенім білдірген.
«Қазақстанның Египет Араб Республикасын ислам әлеміндегі маңызды серіктесінің бірі ретінде қарастыратынын және елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыруға, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделі екенін айтқым келеді», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Абдель Фаттах Ас-Сисиге мықты денсаулық, елді дамытуға бағытталған жауапты қызметіне зор табыс, ал бауырлас Египет халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.