National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Юньнань провинциясындағы Чжаотун қаласында зілзала салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

2014 жылғы 04 тамыз

 

Жеделхатта қайғылы жағдай туралы суық хабарды Қазақстан халқы зор  күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың және жеке өз атынан С.Цзиньпинге, сондай-ақ қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас ауыр қайғыларына ортақтастығын білдірді.

«Қытай халқына басына түскен қасіретті көтеретін күш-қуат тілеймін. Қабылданып жатқан шаралар табиғи апаттың салдарын еңсеруге мүмкіндік береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.   


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің