Жаңалықтар

7 қазан 2014
Президент Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның құрама командасын құттықтады

 

Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың және жеке өз атынан спортшыларды құттықтап,  олар біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтағанын айтты.

«Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл – Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд», - делінген құттықтауда.

Қазақстан Президенті сондай-ақ біздің құраманың табысы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарындағы болашақ жеңістерімізге жолашар болатынын атап өткен.

Соңында Мемлекет басшысы спортшыларға денсаулық және әрі қарай да жеңістер тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар