Жаңалықтар

19 қаңтар 2016
Жамбыл облысы жұртшылық өкілдерінің хаты

 

Авторлар хатта былтырғы жылдың ел өмірінде айшықты оқиғаларға толы болғанын айтады. Соның ішінде мемлекеттілігіміздің негізі – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің айрықша орны бар екенін атап өткен.

«Сіздің шешіміңізбен Астанада басталған мереке жалғасын тауып, Қазақ хандығының туы көтерілген Жамбыл жерінде зор табыспен өтті. Хандықтың мерекесі халықтың берекесі болды», – делінген хатта.

Жұртшылық өкілдері мерекелік шаралар аясында ашылған жаңа нысандар Тараз шаһарының көркін еселеп, елдің рухын көтере түскеніне, жастардың тарихи санасын жаңғыртқанына назар аударған.

Соңында авторлар болашақ ұрпақ үшін барлық жағдай жасалып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Елбасыға мықты денсаулық пен табыс тілеген. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар