Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қараша 2010
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Мәжіліске комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

- Комиссияның отырысы Астана қаласында өтетін Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына кіретін мемлекеттердің басшылар Саммиті мен еліміз тәуелсіздігінің 19 жылдығының қарсаңында өтіп отыр. Саммиті біздің елордамызда өткізуі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы көшбасшылығының арқасында еліміздің жоғары жетістіктерге жеткенін халықаралық қауымдастықтың мойындағанын көрсетеді. ЕҚЫҰ-да төрағалымыздың кезінде мемлекеттік рәміздер елімізді көптеген мемлекеттерге абыройымен танытты. Сондықтан, біз қазақстандықтар, мемлекеттік рәміздерге жоғары құрмет пен ілтипатымызды, нағыз патриоттық ықыласымызды көрсетуіміз тиіс, - деп мәлімдеді Қанат Саудабаев кіріспе сөзінде.

Отырыс барысында Батыс Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің, сондай-ақ, Қаржы және Денсаулық сақтау министрліктерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану жөніндегі  жұмыс тәжірибелері жөніндегі есептері тыңдалды. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді дайындау кезінде мемлекеттік стандарттарды сақтау туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары хабарлама жасады.

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану саласындағы жұмыстарда қол жеткізген әрі белгіленген жұмыстардың жетістіктеріне қарамастан кемшіліктер мен мемлекеттік рәміздерді тиісінше қалыптасқан ережеге сай пайдаланбау фактілері әлі де кездесетінін айтты.

Қанат Саудабаев: «Келе жатқан 2011 жыл – мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы мерекесі, бұл ретте мемлекеттік рәміздерге еліміз егемендігінің анық көрінісі ретінде ерекше құрмет қалыптастыруымыз қажет. Еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік рәміздерге осындай шынайы құрмет көрсетуі үшін тәрбие жұмысын күшейту қажет, сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді сақтау мен пайдаланудың қатаң бақылауын қамтамасыз ету қажет» - деп ерекше атап көрсетті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды және мемлекеттік органдарға мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңнама қағидаларының бұлжытпай сақталуы, сондай-ақ оларды пайдалануды бақылаудың  тетіктерін жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар