Жаңалықтар

23 мамыр 2007
АҚШ Қазақстан Конституциясына жасалған өзгерістерді «дұрыс бағыттағы қадам» деп бағалады, - деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Бұл туралы Вашингтонда өткен брифингте Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға түсініктеме берген АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон МакКормак мәлімдеді. Атап айтқанда, «біздің ойымызша, елді дұрыс бағытқа жетелейтін саяси реформалар» жүргізілді деп атап көрсетілді.


«Біз әлдебір үлгіні алып, сіздер қазақстандық демократияға тура осы жолмен жетуге тиіссіздер деуден аулақпыз. Бұл іске асатын тәсіл емес. Біздер де, еуропалықтар сияқты дұрыс бағытта алға басуға шақыра отырып, Қазақстанмен тығыз жұмыс істейміз. Бұл әбсәтте бола қоятын жағдай емес. Біз қарқынды анықтаудан аулақпыз. Сайып келгенде, Қазақстан халқы азаматтардың Қазақстан басшылығынан кімді көргісі келетініне өздері таңдау жасайды. Және де бұл қазақстандық қоғамнан және қазақстандық саяси элита арасындағы пікірталастардан, сондай-ақ халықтан туындауы тиіс. Тұтастай алғанда, дұрыс бағытта қозғалыс бар», - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон МакКормал журналистерге арналған брифингте, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар