Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қыркүйек 2006
Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы «Қазақстан қағазы» жабық акционерлік қоғамында болды.

Онда Президент қағаз бен гофрокартон шығаратын цехтарды аралап көрді.

 
«Қазақстан қағазы» ЖАҚ 2001 жылы импорт алмастыру мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қағаз бен гофрокартон шығаратын комбинат құрылысының жобасын іске асыру мақсатында құрылған болатын.

 
Қазіргі кезде комбинат Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса ірі қағаз және картон өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады.

 
«Қазақстан қағазы» жабық акционерлік қоғамының облигациялары қазақстандық қор биржасы «А» категориясының KASE құнды қағаздар тізіміне енгізілген.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар