Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қыркүйек 2006
Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Үкіметі мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

143.jpg

174.jpg

175.jpg

Қазақстан Президенті «Блэр Хаус» резиденциясында АҚШ-тың сауда министрі К.Гутиерреспен, АҚШ-тың энергетика министрі С.Бодманмен, ОББ (ЦРУ) директоры М.Хайденмен кездесті.

- Бұл менің Қазақстан Президентімен екінші рет кездесуім. Әр кездесу сайын экономикасы мен ІЖӨ артып отырған Қазақстанның қол жеткізген табыстары тәнті етеді. Мені энергияның қазіргідей қымбат болып тұрған кездегі экономиканы әртараптандыру стратегиясы таңғалдырды.

 

Бұл өте дұрыс стратегиялық ойлаудың нәтижесі. Біз сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелерін талқыладық. Мен біздің экономикалық әріптестігімізге аса қанағаттанарлық сезімімді білдірдім, - деді АҚШ сауда министрі К.Гутиеррес кездесуден кейін.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар