Жаңалықтар

26 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглумен кездесті

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын басталған Стамбул процесі Ауғанстанның қауіпсіздігін, оның жүйелі және тұрақты дамуын нығайтуға бағытталған көпжақты дипломатияның нәтижелі форумына айналып келе жатқанын атап өтті.

Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі бағыттары туралы сөз қозғалды. Әсіресе, Түркияның біздің еліміздің маңызды экономикалық серіктестесінің бірі ретіндегі рөлі атап көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ахмет Давутоглу  Қазақстан-Түркия байланыстарын белсенді дамыту, сондай-ақ, ұстанымдардың ұқсастығы  көпжақты ынтымақтастьқтың кең ауқымдағы өзара түсіністігін қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар