Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

26 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның сыртқы істер министрі Салман Хуршидпен кездесті

Кездесуде халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасылды. Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы қол жеткізілген серіктестіктің деңгейіне оң баға берді.

Қазақстан-Үндістан арасындағы екіжақты өзара ықпалдастық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң сипатына ие болып отыр.

Мемлекет басшысы халықаралық аренада бедел алып, әлемдегі экономикалық орталықтың біріне айналып  келе жатқан Үндістанның үдемелі дамуына тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы инвестициялық және инновациялық саланы, сондай-ақ мұнай-газ индустриясын қоса алғанда, Қазақстанның түрлі саладағы ынтымақтастық әлеуетін арттыруға мүдделі екенін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар