Жаңалықтар

20 наурыз 2015
Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Назарбаев Орталығында болды

 

Мемлекеттер басшылары мұнда «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивті білім беру орталығының жұмысымен танысты.

Астана қаласының мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері үш елдің көшбасшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Болашақ» халықаралық стипендиясы сияқты бірегей жобалар туралы, сондай-ақ республиканың стратегиялық даму бағдарламалары жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар, Владимир Путин мен Александр Лукашенкоға екі бөліктен тұратын электрондық кітапхана таныстырылып, оқырман билеттері табыс етілді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар