Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 сәуір 2015
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты

Жиын басталмас бұрын Парламент Мәжілісі Бюросының отырысы өтті, онда Парламент Мәжілісі комитеттерінің төрағалары мен Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдірді

 

Жиын басталмас бұрын Парламент Мәжілісі Бюросының отырысы өтті, онда  Парламент Мәжілісі комитеттерінің төрағалары мен Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды.  

– Қазір біз жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз. Маған мерекелерден соң дереу жұмысқа кірісетін комиссияны бекіту қажет. Істің мән-жайын ұғынуға уақыт шығындамас үшін, менің ойымша, бізге Үкімет жұмысының сабақтастығын сақтаған жөн. Кәрім Мәсімовтің қолынан келеді, оның әлеуеті, тиісті білімі бар, біз оған жүргізіліп жатқан жұмысты әрі қарай жалғастыруды сеніп тапсыра аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Премьер-Министр лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Өз сөзінде К.Мәсімов көрсетілген сенім үшін ризашылық білдіріп, қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігері мен білім-білігін жұмсайтынын айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар