National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

2013 жылғы 01 мамыр

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» монументі алаңы алдында қала жұртшылығымен кездесіп, би ұжымдарының мыңнан астам артистері қатысқан мерекелік концертті тамашалады. Сондай-ақ, концертте танымал топтар мен орындаушылар өнер көрсетті.

Мемлекет басшысы 10 шатырдан тұратын қалашықты аралап көрді, оның әрқайсысында 2-3 этномәдени бірлестік орналасқан. Олар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, ұлттық киімдерін, музыкалық аспаптарын,  тұрмыстық заттарын, қолөнер өндірісінің көне бұйымдарын ұсынды.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында бүгін елімізде тамаша мейрам ­– Қазақстан халқының бірлігі күні мерекеленіп жатқанын атап өтті.

- Бірлік адамзаттың бүкіл тарихында әрдайым бағаланды. Бірлік арқылы мемлекет пен халық зор биікке жетті, тұрмысын жақсартты, табысты дамыды. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында бір шаңырақ астында өмір сүрді. Соның арқасында біз биік белеске көтерілдік, дамыған мемлекет құрдық, халықтың тұрмысын жақсарттық, оны күллі әлемге таныттық. Біздің отанымыз бір, тағдырымыз бір және жеріміз бір. Біздің халқымыздың барлық ұмтылыстары бірлікке негізделген. Ол адамдардың өз болашағы мен балаларының болашағына сеніммен қарауы үшін мемлекеттің қуатты, ал халықтың бақытты болуын қамтамасыз етуге бағытталған,- деді Қазақстан Президенті.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға бақыт, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке тіледі.     

Астанада барлығы 100-ден астам этнос өкілдері тұрады, 28 этномәдени бірлестік бар, ұлты әртүрлі 568 оқушы білім алатын 11 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің