National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Қазақстан барысы» V республикалық турнирінің финалын тамашалады

2015 жылғы 04 шілде

 

Мемлекет басшысы іс-шара барысында турнирге қатысушыларды құттықтады және чемпиондық белбеу иегері Б.Ыстыбаевқа «Тайтұяқ» жүлдесін тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев  соңғы жылдары тәуелсіздіктің бір символы ретінде ұлттық спорт түрі – қазақша күрес қайта жаңғырғанын атап өтті.


Бұл біздің халқымыздың дәстүрлі күрес өнері. Ауылдағы балалар ежелден күреспен шұғылданып, өз машықтарын жетілдірген. Әкелер өз балаларына күрестің амал-тәсілдерін үйреткен. Мен бұл жарысты толық қолдаймын. Болашақта жарыстың одан әрі дамитынына, ал оның қазіргі қатысушыларының арасынан Балуан Шолақ, Қажымұқан сияқты қазақтың көптеген ұлы балуандарының даңқты жолын жалғастыратын спортшылар шығатынына сенемін. Турнир халықаралық деңгейге шығып, құрлықтық және олимпиадалық ойындар бағдарламаларының бір бөлшегіне айналады, еліміздің атын шығарады деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті.


Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана күні қарсаңында өткен жарысты бүкіл ел тамашалағанына назар аударды.


Бұл – халық үшін үлкен мереке. Біздің жастарымыз саламатты өмір салтын ұстануға тырысып, денсаулығын жетілдіруге тиіс. Соның арқасында  мемлекетіміз бен қоғамымыздың негізі мықты болады, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.


***

Жарыс финалына іріктеу сайыстарының үш кезеңінен өткен 32 балуан, сондай-ақ былтырғы жылдың жеңімпазы М.Тұрсынов қатысты.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің