Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қараша 2014
Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысты

Елбасы офицерлер мен әскери қызметшілер үшін бүгін ерекше күн екенін, өйткені елордада ТМД-да баламасы жоқ әскери қалашық салынғанын айтты.

 

Қалашықты ашу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – Жауынгерлік туды тапсырды.

Елбасы офицерлер мен әскери қызметшілер үшін бүгін ерекше күн екенін, өйткені елордада ТМД-да баламасы жоқ әскери қалашық салынғанын айтты.

- Мұнда әскери қызметшілердің отбасымен тұруына, қызмет атқаруына, әскери дайындығын шыңдауға барлық жағдай жасалған. Осының бәрі мемлекеттің қамқорлығын көрсетеді. Сіздердің міндеттеріңіз – елдегі татулық пен тыныштықты сақтау, Қазақстан азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жүргізу. Республиканың Қарулы Күштерінің бір бөлігі болғандықтан, сіздер сондай-ақ тәуелсіз елді қорғауға, шекарасының бүтіндігін қамтамасыз етуге дайын болуға тиіссіздер. Мемлекеттің қамқорлығына сіздер лайықты ерен еңбекпен және жоғары машықпен жауап беретіндеріңізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті әскери қызметшілер мен офицерлерді әскери қалашықтың ашылуымен тағы да құттықтап, оларға табыс пен мықты денсаулық тіледі.

Сонымен қатар, әскери қалашықты аралап көру барысында Мемлекет басшысына айрықша айырым белгісі – «бедерлі берет» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының төсбелгісі тапсырылды.

 

***

Жаңа әскери қалашықта жалпы алаңы 64 мың шаршы метр болатын  53 ғимарат пен құрылыс бір мезгілде пайдалануға берілді.

Әскери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның жауынгерлік шеберлігін жетілдіруге, жедел бригаданың жауынгерлік дайындығын шыңдауға, Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау жөніндегі күнделікті тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Қалашықтың аумағында штаб пен үш казарма ғимаратынан бөлек, автокөлік паркі, түрлі залдары мен мултимедиялық атыс тирі бар спорт кешені, стадион, спорт және оқу қалашықтары, мәдени-сауық орталығы, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған лазарет бар.  

Офицерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін отбасылы әскери қызметшілер үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынған. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу