National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан мен Франция президенттері қазақ-француз бизнес және университеттер форумына қатысты

2014 жылғы 05 желтоқсан

 

Форум жұмысына 350-ден астам адам қатысып, түрлі салаларда шарттар жасалды.

Қазақстан Президенті қатысушылар қатарының молдығы тікелей байланыстар орнатуға және өзара тиімді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын байқататынын айтты.

Мемлекет басшысы Франциямен арадағы тауар айналымының өсіміне назар аударды, былтыр оның көлемі 6 миллиард доллардан асты.

– Соңғы 10 жылда француз бизнесінің біздің экономикаға салған инвестициялары 11 миллиард долларды құрады. Өнеркәсіпте ғана емес, жаһандық экономикаға леп беретін жоғары технологиялар саласында да бірлескен жобалар іске асырылуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті елімізде жүйелі дамуға бағытталған бірқатар маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығын бастау жоспарлануда, шетелдік инвесторлар үшін түрлі преференциялар мен ынталандырулар қарастырылған. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қабылданды, оның аясында маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қазақстан бүкіл Орталық Азия өңіріндегі іскерлік, транзиттік және логистикалық хабқа айналуды мақсат етіп отырғанын айтты.

Білім мен ғылым саласындағы маңызды бағыттарға тоқталған Қазақстан Президенті табысты жұмыс істеп жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясын, мемлекеттік академиялық мобильділік бағдарламасын, сондай-ақ Астанада құрылып жатқан интеллектуалдық-инновациялық кластерді айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев студенттермен, сондай-ақ ғылым-білім саласындағы өзара озық тәжірибелер  алмасу үрдісін интенсификациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы  соңында Ф.Олландтың сапары және осы форумды өткізу екі елдің білім және іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Франция Президенті өз кезегінде  технологиялар, зерттеулер және ғылым зор табыс пен халықтың тұрмыс сапасының жақсаруының кепілі екенін айтты.

Ф.Олланд Қазақстан энергетикалық ресурстарының арқасында Орталық Азия өңірінің экономикалық тұрғыдан мейлінше дамыған еліне айналғанына тоқталды.

– Соңғы 20 жыл ішінде Сіздердің республикаларыңыз қатты өзгерді. Сіздер  осы өңірдегі табыстың жарқын мысалы болып саналатын елді қалыптастыра алдыңыздар. Сонымен бірге, Қазақстан ертеңгі күннің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін технология саласында да ілгерілеп келеді, – деді Франция Президенті.

Ф.Олланд екіжақты қарым-қатынастардың басынан француз кәсіпорындары Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне бірден қызығушылық танытқанына назар аударды. Атап айтқанда, «Тоталь», «Арева» және «Альстом» тәрізді компаниялар Қазақстанда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Франция Президенті Қазақстанға салынған француз инвестициясы деңгейінің өсіп келе жатқанын атап өтті. 

– Сіздің Парижге сапарыңыздың және жұмсалған күш-жігердің арқасында біз экспорттық өнімнің санын арттырдық. Біз француз кәсіпорындары өз өнімдерінің жоғары сапалылығын көрсеткенін қалар едік, – деді Ф.Олланд. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің