Жаңалықтар

26 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбул процесіне қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері конференциясы аясында Ауғанстан Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Залмай Расулмен кездесті

Кездесу барысында тараптар Ауғанстанның орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі Стамбул процесінің рөлін талқылады.

Қазақстан Президенті біздің еліміз Ауғанстанмен екіжақты да, көпжақты форматтағы да ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Залмай Расул Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру ісіне Қазақстанның қатысуының негізгі бағыттарына тоқталды.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды тұрақтандыруда Алматыда құрылатын БҰҰ Өңірлік орталығы маңызды рөл атқарып, оның өңірлік даму бағдарламаларын қолға алуға және  жүзеге асыруға мүмкіндік бере алатынын атап көрсетті.         


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу