National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен кездесті

2013 жылғы 23 мамыр

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және оның аясын кеңейтуге байланысты кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ Германия экономикасы шығыс комитетінің осы үдерістегі рөлі талқыланды.

Мемлекет басшысы Э.Кордеске Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамытуға белсене қатысқаны үшін алғысын айтып, бірлескен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

Э.Кордес Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар дамуы серпінді сипатта екенін атап өтті, сондай-ақ VI Астана экономикалық форумы аясындағы  жемісті пікір алмасуларға қанағаттанушылық білдірді.       


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің