National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Аида» операсының қойылымына барды

2015 жылғы 01 шілде

 

Джузеппе Вердидің әйгілі операсы Астана күніне орай жаңа форматта –декорациялар мен шоу элементтерін, сондай-ақ отшашуды қолдану арқылы ашық кеңістікте қойылды.    

Спектакльдің қоюшы режиссері – Ресейдің халық әртісі Ю.Александров. Қойылымға арналған декорациялар Италия сценографы және режиссері Ф.Дзеффиреллидің эскизі бойынша жасалды. Бұл жоба үшін Болгариядан тенор К.Чанев арнайы шақырылды. Сонымен қатар қойылымға «Астана Опера» театрының орындаушылары – жетекші солист Ж.Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Д.Хамзина, Т.Мұсабаев, Арменияның халық әртісі Б.Туманян қатысты. Жалпы, спектакльге 300-ге жуық адам атсалысты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің