National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!» атты жастар форумына қатысты

2015 жылғы 10 сәуір

 

Форумға Қазақстанның бүкіл өңірінен 2000-нан астам адам қатысты, олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардың жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, танымал спортшылар және жастардың іргелі ұйымдарының көшбасшылары бар.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктеріне, Қазақстанның одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарының бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздың баянды ете түсудің маңыздылығына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақтың ел тарихын білуі, дәстүрді және қоғам құндылықтарын сақтауы ерекше мәнге ие екенін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ отандық экономикаға ықпал ететін бірқатар жағдаяттарға да тоқталды. Климат, жер шалғайлығы, теңізге шығу жолының жоқтығы, тарихи және мәдени мұралар осы қатарда аталды.

Мемлекет басшысы бүгінде барлық қазақстандықтарды жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оның ұлы тағдырына өз қатыстылығын сезіну сияқты ортақ құндылықтар  біріктіретінін атап өтті.

– Мен бүгінде патриоттардың жаңа буыны өсіп, ержетіп келе жатқанын көріп отырмын. Сендер қазіргі заманғы Қазақстанның идеалдарымен тәрбиелендіңдер. Өз еңбектеріңмен, білімге және нақты істерге деген ұмтылыстарыңмен Мәңгілік еліміздің мерейін асырып жүрсіңдер. Мен жас азаматтарымыз Тәуелсіздік мұратына адал болатынына, табыстар эстафетасын жалғастыратынына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.

Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Н.Сыдықов, Ақтау қаласы студенттері альянсының атқарушы директоры Г.Бұрхандинова, «Болашақ» президенттік бағдарламасының түлегі А.Сүлейменов, «Юг Цемент Строй» ЖШС механикалық бөлімінің ауысым бастығы Е.Тұрарқұлов, «Агрофирма «Парасат» ЖШС директорының орынбасары К.Елкин, әнші-актер Ж.Доғалова, мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионы Д.Тен, Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенті В.Волошина және «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының Шығыс Қазақстан облысындағы штабының басшысы Қ.Қасенов сөз сөйледі.

Іс-шара қорытындысы негізінде «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!» жастар форумына қатысушылар Қазақстан жастарына арналған Үндеу қабылдады.

Елбасының сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден оқыңыз.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің