National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция аясында шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

2016 жылғы 29 тамыз

Нұрсұлтан Назарбаев BBC, Euronews, CNBC Arabia, «Россия 24» телеарналары өкілдерімен әңгімелесу барысында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жұмсаған күш-жігеріне, сондай-ақ конференция кезінде ұсынған бастамаларына қатысты сауалдарға жауап берді.

Атап айтқанда, Елбасы Семей ядролық сынақ полигонының жабылу тарихы туралы әңгімелеп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің перспективаларына және осы саладағы сын-қатерлерді еңсеруге қатысты өз көзқарасын білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі өз тәжірибесін ортаға салып, алдағы қарашада өтетін Астана бейбітшілік саммиті мен Ядролық қарусыздану үшін берілетін сыйлықты тағайындау жөніндегі бастаманың жай-жапсары туралы айтып берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің