National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңында «жасыл белдеуді» дамыту мәселесі жөнінде көшпелі кеңес өткізді

2013 жылғы 27 маусым

Кеңес аясында «жасыл белдеу» аумағын, сондай-ақ Қызылжар орман шаруашылығындағы 2011 жылы отырғызылған орман алқабын және Шұбар кенті ауданындағы 1954 жылғы орманды алқапты тікұшақпен аралап шықты.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг барысында Мемлекет басшысы қала маңында «жасыл белдеу» орнату елордамыздың жаңа трендіне айналғанын атап өтті.

– Біз қазақстандықтар мақтаныш ететін, алыс және жақын шет елдегі барша қонағымыз сүйсінетіндей әдемі Астананы салдық. Қаланы дамытумен бірге мен елорда маңында жас көшеттер отырғызу міндетін қойдым. Барлығы да бұл далада ештеңе өспейді деп ойлады, ғалымдар жер қыртысы кенеулі екенін және көп күш жұмсау қажет болатынын айтты. Бірақ, көріп отырмыз, орман алқабы бүгінде 65 мың гектарға жетті, оның 14 мың гектары қаланың ішкі аумағын қамтиды. Бұл көшеттер жазда шаңнан, қыста боран мен қарлы борасыннан қорғайды. Нәтижесінде қала климаты жұмсара түсті, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жасыл алқап қалыптастыру маңызды әрі мәні зор жұмыс екенін атап өтті.

– Қазақстан аумағының 3 миллионға жуық шаршы шақырымын ұлан-ғайыр далалық аймақ алып жатыр, ал орманды алқап бар болғаны 8-10 пайыз. Егер біз жыл сайын барлық облысты жасылдандырумен айналысатын болсақ, онда Қазақстанды жасыл елге айналдырамыз. Бұл адам денсаулығына пайдалы, тыныс алуға «жеңіл», табиғат үшін – береке-байлық, туған жердің көркі. Сондықтан біз игілікті жұмыс жасап жатырмыз. Әр облыс, қала, аудан жұртты, әсіресе жастарды ағаш отырғызып, оны күтіп-баптауға жұмылдыру жайын ойластыруға тиіс. Сонда Отанымыз бұдан да әдемірек және тартымды бола түседі, ал болашақ ұрпақтар бізге риза болатын болады, – деді Мемлекет басшысы.         

2020 жылға дейін Астананың қала маңындағы орманды аймағының аумағы кеңейіп, 110 мың гектарға жетеді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қала шекарасындағы «жасыл белдеу» алаңы – 11,5 тыс гектар. Биыл екінші кезектегі 286 мың көшет отырғызу жоспарланған. Жобаның екінші кезегін 2014 – 2016 жылдар аралығында  іске қосып, 1,1 млн. көшет отырғызу жоспарлануда.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің